Ресейлік өндірістің сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіндегі (ҰЭМ) тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"ҰЭМ-дегі тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің аумақтық департаменті сүт өнімдерінің техникалық талаптарға сәйкестілігін тексеріп жатыр. Осы жылдың наурызында 337 сынама зерттеу жүргізілді, оның 82-нен қателік табылды", - деп жазады ведомства.
Астана қаласындағы Magnum супермаркетінен алынға сынамалардың қорытындысы бойынша, Алтай аймағы, Рубцовск қаласы, ААҚ «Вимм-Билль-Данн» өндірген 50%-ды "Ламбер" ірімшігінен ішек таяқшаларының бактериялары; Орлов облысы, Верховье елдімекені, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген майлылығы 19%-ды "Сливочки сгущенные с сахаром "Славянские" сүтінен және қоюлатылған қанты 8,5%-ды «Главпродукт» сүтінен мезофильді аэробты бактериялардың өте көп мөлшері табылды.
Алматы облысында «Вимм-Биль-Данн» ААҚ өндірген 2,5,% және 3,2% «Домик в деревне» сүтінің сынамасынан құрғақ, майсыздандырылған сүт қалдығының төмендетілгендігі анықталды.
Қызылорда облысында SMALL сауда үйінен алынған Орлов облысы, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Столичная», "Главпродукт" қойытылған сүтінен, «Аль-Асад» сауда үйінен алынған ЖШС «Кампина» өндірген 5%, "Фруттис" йогуртынан, Орлов облысы, Верховье елдімекеніндегі «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген "Главпродукт", «Птичье молоко», «Юбилейная» қойытылған сүтінің сынамалары физикалық-химиялық көрсеткіштердің талапқа сай емес екендігі анықталды.
ҚР ҰЭМ хабарламасы бойынша, барлық сауда орындары мен қоймалардан аталған тауарларды алу шаралары өткізіліп жатыр. Бүгінге дейін еліміздің сауда орындарынан 2 тонна 529 литр сүт өнімдері алынды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024