Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елорда балабақшаларындағы кедергілерді шешу үшін блокчейн технологиясы қолданылуда

Елорда балабақшаларындағы кедергілерді шешу үшін блокчейн технологиясы қолданылуда

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Ағымдағы жылдан бастап Астанадағы балабақшалар жұмысы одан сайын жандана түседі. Кезек күтудегі бірқатар кедергілер жойылып, жүйелі форматқа көшеді. Толықтай автоматтандырылып, балаларды мектепке дейінгі мекемеге тіркеу жеңілдейді. Мұның бәрін орындау үшін ғаламдық деңгейде мойындалған блокчейн технологиясы қолданылмақ.

Мұндай тың технология кезекке тұру процесін автоматтандырады. Осылайша, бұрын 3-5 күнді алатын бұл қызмет қазір 5-10 минутты ғана құрап отыр. Бұл дегеніміз, балаңызды балабақшаға тезірек тіркей аласыз деген сөз.

Жаңартылған жүйенің жағымды тұсы тек бұл емес. Сондай-ақ, ата-аналарға балабақшалар туралы рейтингтерді білуге көмектеседі. Осы тұста кез келген ата-ана мекетепке дейінгі мекеме туралы мол мағлұматпен қамтылады. Нәтижесінде, қайсысы балаңызға ыңғайлы, қайсысы ыңғайсыз екенін біле аласыз.

Аталған айтулы өзгеріс тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерге байланысты орындалғанын айта кеткен жөн. Отандық БАҚ-тың хабарлауынша, балабақшаға кезекке тұрудағы бұрыңғы  жүйеге қалың жұртшылық көп шағымданған. Айтуларынша, тұрақты жұмыс жасамады, сақтау процедураларында да біраз кедергілер болды.

Ақпаннан бастап жүзеге асатын жағымды өзгерісті Астана қалалық инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров ресми түрде мәлім етті.

«1 ақпаннан бастап жүйе қала тұрғындарының пікірі мен қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, оңтайландырылатын болады. Жаңартылған жүйеде кезекті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясы қолданылады», – дейді Ә. Әбдіқадыров.

Оның сөзінше, интерфейс және функциялар барынша жеңілдетілді. Келесі айларда мектептер мен колледждердің функционалы қосылады. Сонымен қатар, рейтинг, қосымша қызметтер және басқа сервистер негізінде ұйымды таңдауға болады.

Айта кету керек, айтулы жүйені әлемнің алпауыт компаниялары кеңінен қолданады. Мұндай жаһандық компаниялардың санатына Booking.com, Uber және Airbnb жатады. Аталған платформалар арқылы ата-аналар қауымы  балабақшалар туралы ақпараттарды біле алатын жағдайға жетіп отыр. Әдетте олар мектепке дейінгі мекемелердің деңгейі мен рейтингін, қызметтері мен жұмыстарын жиі қарайды екен. 

Бастапқыда блокчейн технологиясы жалған ақпараттармен күресу мақсатында пайдаланылған болатын. Әлемдік қаржы саласында да кеңінен қолданысқа ие. Өйткені, қаржылық операцияларға оң әсер еткен, жүйелі жұмыс жасауға жағдай жасаған. Ал оның басты артықшылығына келер болсақ, жемқорлық пен алаяқтыққа жол бермеуінде болып отыр. Бұдан бөлек, жасанды блоктарды бірден өшіре алатын қызметке де ие. Осындай қызметтері мен артықшылықтары бар мұндай жүйе балабақша ісінің жандануына да көп үлесін қосатыны сөзсіз.

Похожие материалы