Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — "Астана күні" мерекесін тойлауға жұмсалатын қаражат көлемі 3 есеге қысқартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орыбасары Ерлан Каналимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мерекені қарапайым өткізу туралы шешім қабылданған.
"Есеп бойынша ол 300-400 млн теңгеден аспайды. Бұл бұған дейінгі сомадан әлдеқайда аз. Біз бюджетті үш есеге қысқарттық. Сомаға тек мәдени шаралар ғана емес, нысандарды абаттандыру, қауіпсіздік, сахналық, техникалық құрал - жабдықтарды орнату кіреді", - деді қала әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, Каналимов Елорда күнін мерекелеу аясында 100-ге жуық шара өткізілетінін, оның 73-і тегін екендігін атап өтті.
"Айта кету керек, жыл сайын 300-ден астам шара өткізілді. Алайда, биылғы жылы қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін - Open Air, ашық аспан астындағы гала-концерт, 6 шілдеде болатын елорданың басты алаңдарындағы жаппай халықтық серуен және басқа да қымбат шаралары тоқтатылады", - деп түсіндірді Каналимов.
Биыл іс-шараларды өткізудің негізгі орны қаланың шеткі бөлігіндегі сегіз тұрғын үй алабы, саябақтар, скверлер, бульварлар, Есіл өзенінің жағалауы болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024