Нұр-Сұлтан. 27 мамыр. 7kun.kz – Қостанай облысының тұрғыны полицияға ірі көлемдегі ақшаны ұрлау дерегі бойынша арызданды. Ер адамның айтуынша, ол елордаға жеке хабарландырулар сайтында таңдаған көлігін сатып алуға келген, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ол 24 мамырда сағат 14:00 шамасында Жеңіс даңғылындағы үйге көлікті көру үшін келген. Үй иесімен тілдесу кезінде жәбірленуші қара сөмкесін көліктің жағдайын бағалауға кедергі келтірмес үшін ағаш бұтағына іліп қойған. Сол кезде сол маңда жалпы үй қоқыс жәшігінің жанында металл жинап жүрген шетелдік азаматтар болған. Олардың бірі, атап айтқанда жасөспірім 5 миллион 13 мың теңге ақша салынған сөмкені алып, кетіп қалған сәті көше камерасына түсіп қалған», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ПД.
Полицейлер ұрыны ізін суытпай ұстады. Ол 12 жасар бала болып шықты. Ол кейіннен сөмкесін әкесіне берген.
Қазір ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ұрланған сөмке тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ПД-да.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024