Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елордада Astana Finance Days форумы өтеді

Елордада Astana Finance Days форумы өтеді

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – Нұр-Сұлтанда шілденің 1-і мен 4-і аралығында Astana Finance Days қаржы форумы өтеді.

Оның мақсаты өз алаңында әлемдік сарапшыларды, саясаткерлерді, бизнес, Мемлекеттік қызмет өкілдерін және ғылыми орталықтарды, халықаралық қаржы орталықтарын, сондай-ақ АХҚО-да тіркелген компаниялар өкілдерін біріктіру болып табылады. AFD-2019 шеңберінде қатысушылар конференцияның панельдік сессияларына және воркшоптарға қатыса алады.

Басты оқиғалардың бірі - AХҚО сот ғимаратының және Халықаралық арбитраждық орталықтың ресми ашылуы.

Құқықтық мәселелер жөніндегі АХҚО II конференциясының шеңберінде отандық заңгерлер жетекші шетелдік заң фирмалары мен мекемелерінің өкілдерімен тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар, бірінші EdTech халықаралық форумы технологиялар, халықаралық кәсіби сертификаттар, инновациялар, цифрландыру, инклюзивті тәсілдер, STEM және басқа да алдыңғы қатарлы әдістер арқылы адами капиталды дамытуға серпін беру үшін түрлі салалардың өкілдерін жинайды.

АХҚО ақпаратына сәйкес, форумда инвестициялық сауаттылықты арттыруға және компанияларды капитал нарығымен жұмыс істеуге дайындау шеңберінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған Pre-IPO семинарлары ұйымдастырылады.

«AFD аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен АХҚО кеңесінің жыл сайынғы ІІ отырысы өтеді. Оған премьер-министр Асқар Мамин, қаржы-экономикалық блоктың министрлері, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, сондай–ақ Сбербанктің басшысы Герман Греф пен Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті Сума Чакрабарти сияқты халықаралық сарапшылар қатысады», - деп атап өтті халықаралық орталықта.

Бұдан басқа, төрт бағытты қамтитын халықаралық форум өтеді: инфрақұрылымдық қаржыландыру, импорттық қаржыландыру, инновациялық қаржыландыру, исламдық қаржыландыру.

«Қазіргі уақытта исламдық қаржыландыру саласында мынадай актілер бар: Islamic Banking Business Prudential Rules, Islamic Finance Rules, Aifc Takaful And Retakaful Prudential Rules. Ислам қаржы жөніндегі заңнаманы одан әрі дамыту үшін АХҚО өкілдері ислам қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің техникалық комитетінің (IFSB) және IFSB стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының құрамына кірді», – деп атап өтті орталықта.

АХҚО аумағында исламдық қаржы саласында, соның ішінде Малайзиядан, Ұлыбританиядан, АҚШ пен Қазақстаннан қызмет көрсететін компаниялар тіркелген. Ислам даму банкінің көмегімен осы бағытты дамытудың жол картасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Похожие материалы