Нұр-Сұлтан. 23 тамыз. 7kun.kz – Елордада бірнеше жас жігіт жеткізу қызметінің курьерін соққыға жықты.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода көліктен түскен жігіттердің бірі сары Glovo рюкзагын таққан жігітті ағаш битамен ұрғанын көруге болады. Оқиға Мәңгілік ел даңғылының бойында болған.
Полицияда «Бұзақылық» бабымен тергеу басталғанын, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылатынын хабарлады.
«Осы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға "Субару" көлігін мінген төрт жігіт Glovo курьерін соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – деді ПД-да.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024