Экономика
Елордадағы ЖОО грантсыз қалған барлық "Алтын белгі" иегерлерін тегін оқытпақ
Астана қаласындағы Қазақ инженерлік-техникалық академиясы 39 "Алтын белгі" иегерлеріне ректорлық грант ұсынуға даяр деп хабарлайды Tengrinews.kz
Академия ректоры Талғат Игіліков Білім және ғылым министрлігіне "Алтын белгі" иегерлерінің тізімін беруге сұраныс жібергендіктерін айтады. Тізімді алған соң олармен хабарласып, тегін оқуға ұсыныс жасамақ. "Біз көмектескіміз келеді. Үздік оқушылар соңынан адам ерте алады. Бұны өз тәжірибемнен білемін. Ондай оқушылардың оқуға деген талпынысы үлкен мотивация береді. Барлығы жаппай бізге келеді деп ойламаймын. Бірақ, кез келгені үшін біздің есігіміз ашық", - дейді Игіліков. 2007 жылы ашылған академияда құрылыс саласының мамандары даярланады. "Бізде төрт бағыт бар: құрылыстағы экономика, жер орналастыру, құрылыс және энергетика. Экономикалық блокта - бухгалтерлік есеп, экономика және менеджмент бар", - деген ақпарат берді ректор. Ректор грантында шәкіртақы қарастырылмаған. Десе де, "Алтын белгі" иегереріне беру жоспарланып отыр. Одан бөлек, Астана қаласынан басқа жерде тұратындар жатақханамен қамтамасыз етіледі. Грантқа ие болу үшін тамыздың 24 жұлдызына дейін құжат тапсырып болу керек. Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік білім грантына "Алтын белгі" иегерлері, халықаралық олимпиада жеңімпаздары және өзге де байқаулардың жүлдегерері ілінбей қалған туралы жазған едік. Аталған жағдайдың орын алу себебін БҒМ түсіндіріп берді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024