Алматы. 25қаңтар. 7kun.kz – Қытайдың бөлшек сауда нарығы көлемі бойынша американдық өнімді басып озып, 2019 жылы әлемдегі ең ірі нарыққа айналады деп болжауда eMarketer зерттеу компаниясы. Қытай нарығында сату биылғы жылы 7,5%-ға - 5,636 трлн долларға дейін өседі деп күтілуде. АҚШ-та бөлшек сауда көлемі 3,3%-ға артып, 5,529 трлн долларды құрайды, - деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Сонымен қатар, екі елде де көрсеткіштің өсу қарқыны бәсеңдеуде, делінген eMarketer хабарламасында.
Сондай-ақ, Қытай әлемдегі онлайн-сатылымдардың ең көп үлесіне ие - жалпы бөлшек сауда көлемінің 35,3%-ын құрайды. Alibaba нарықтың жартысынан көбін алады (53,3%), бірақ компанияның үлесі төмендейді.
2019 жылы Қытайдағы e-commerce көлемі 1,989 трлн доллардан асады деп күтілуде, соның нәтижесінде елге әлемдік бөлшек онлайн-сатылымдардың 55,8% келеді.
2022 жылға қарай бөлшек сауда нарығының көлемі АҚШ-та 6,03 трлн долларға дейін, Қытайда - 6,757 трлн долларға дейін артады, деп болжайды eMarketer.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024