Түркістан. 27 сәуір. 7kun.kz – Түркістан облысының Сауран аудандық ішкі саясат бөлімі аса қымбат бағамен принтер алса, ең қымбат әжетхана тазалағышты Түркістан облыстық әкімдігі алмақ болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Түркістан облыстық әкімдігінің істер басқармасы әжетхана тазалағыштың 150 данасын 7 657 950 теңгеге алуды жоспарлап, айды аспанға мезгілсіз шығара жаздады. Басқарма тазалағыштың 1 данасын 51 053 теңгеден сатып алуды жоспарлағанына қараған да, ол тазалағыштың техникалық мүмкіндігі зор болса керек.
Ал аса қымбат, ерекше принтерлер-Түркістан облысы Сауран аудандық ішкі саясат бөліміне тиесілі. Су жаңа аудан принтердің 5 данасын 44 642 855 теңгеге бағалапты. Бұл дегеніміз 1 дана принтерді 8 928 571 теңгеге сатып алу деген сөз.
Түркістан облысы Ордабасы аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі инспекциясының «Темирлан благоустройство» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де, қымбатшылықтың құрығына іліккен тәрізді. Себебі 1 аялдаманы жасап орнату үшін 17 857 140 теңгені жұмсауды жоспарлаған.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің "2022 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары" тақырыбындағы брифингте Департамент басшысының бірінші орынбасары Н. Сәмет айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024