Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында ең төменгі жалақыны тағы он мыңға теңгеге көтеруді тапсырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Ол еңбекақының мөлшерін кезең кезеңмен ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейңн көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 млн азаматтың табысына тікелей әсер етеді», – деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Cондай-ақ президент зейнетақы жүйесіне де өзгерістер қажет екенін айтты. Зейнетақының ең төменгі базалық ставкасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары ставка 120%-ға дейін жеткізіледі.
Тоқаевтың айтуынша, бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы мөлшерін орташа есеппен 27%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024