Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейін ұстап тұру үшін жыл сайын 370 мың жұмыс орнын құру қажет.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда еңбек нарығында шамамен 8,7 млн адам жұмыс істейді.
«Жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде сақтау үшін жыл сайын біз 0,1%-ға төмендетуге міндеттіміз. Жыл сайын біз 370 мың жаңа жұмыс орнын құруымыз керек, негізінен оларды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде жеке секторда да жасайды», – деді ол.
Сондай-ақ, Жылқыбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еңбек» мембағдарламасының жұмыс орындары өте баяу, тек қана бір-бірлеп ашылатыны туралы сынына түсініктеме берді.
«Еңбек» бағдарламасы негізінен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына бағытталған: кадрларды даярлау, қайта даярлау, гранттар және несиелер Бірінші жартыжылдықта 12 мың жұмыс орны құрылды, біз сонымен бірге «Жұмыс орындарын құру картасы» базасын құрдық, онда жеке кәсіпкерліктің есебінен өңірлерде қандай жұмыс орындары құрылатынын нақты есепке аламыз және біз жоспарларымызды түзетеміз», - деді ол.
Оның айтуынша, министрлік жұмыссыздармен, көпбалалы отбасылармен және жастармен нақты жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
«Өкінішке орай, көбісі «Еңбек» бағдарламасында қандай қолдау шаралары бар, грант пен несиені қалай алуға болатынын білмейді. Біз қазір «Грант алушының портреті» атты роликтерді іске қосамыз. Мұндай шаралар біздің бағдарламамыздың тиімділігін арттырады деп ойлаймын», - деді вице-министр.
Жалпы, ведомствоның мәліметінше, орта мерзімді перспективада Қазақстанда 3D-модельдеу, IT-мамандар, сәулетшілер, дизайнерлер, педагогтар мен дәнекерлеушілер сияқты мамандықтар сұранысқа ие болады. Дәл осы мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын аудару жоспарлануда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024