Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz - Ақпарат және коммуникация саласындағы заң жобасына жиырмаға жуық түзетулер енгізілді. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев заң жобасының кейбір нормаларын түсіндіріп өтті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазіргі уақытта құжат парламент қаралымында.
"Бұқаралық ақпарат құралдары әнші, актер, спортшы және т.б. сияқы танымал адамдарды аңдып отыратыны ешкімге жасырын емес. Мұндай жаңалықтардың көпшілігі ойдан шығарылған сөздер мен өсектерге негізделеді. Бұл танымал адамдардың отбасына, жеке өміріне, тіпті денсаулығына да қатысты болуы мүмкін. Жаңалықтар үнемі шындыққа жанаса бермейді. Ал ондай жалған ақпараттар ол адамның репутациясына әсер етуі мүмкін. Тіпті ақпараттың жалған екені анықталған күннің өзінде оны жоққа шығару - оңай дүние емес. Оның жалғыз амалы - сотқа шағымдану. Сот отырысын бір ай күту керек. Онда қарапайым адамдар өз құқықтарын сот тәртібі бойынша қорғай алмауы да мүмкін", - деп атап өтті Дәурен Абаев.
Мысал ретінде ол, Маңғыстау облысының "14 жасар" жас жұбайлары туралы публикацияны айтты. Нәтижесінде олар кәмелеттік жасқа толған болып шықты.
"БАҚ жалған ақпарат таратқаннан бөлек, олардың суреттерін де жариялады. Одан кейін, бүкіл ел ерлі-зайыптыларға сын мен айыптаулар тағып, оларды балағаттады. БАҚ өсек-сөзге еремін деп жас жұбайлардың өмірін қиындатып жіберді. Енді азаматтың талабымен БАҚ жазылған ақпаратқа дәлел ұсынуы тиіс. Егер дәлел болмаған жағдайда, ақпаратты теріске шығарып қайта жариялау қажет. Бұл түзетулер ақпаратты бірнеше рет тексеріп барып көпшілікке ұсынуды міндеттейді", - деп түсіндірді ақпарат және коммуникация министрі.
Одан бөлек, министр құқықбұзушылықтан зардап шеккен балалар туралы жеке мәлімет пен фотосуретін жариялауға шектеу енгізілетінін айтты. Сонымен қатар, телехабар таратуға қатысты өзгерістерге де тоқталды.
"Қазір эфир уақытының 50 пайызында ғана қазақ тілінде хабар таратылады. Енді жарнамада да осы норма сақталады. Сонымен бірге, біз бұл талапты әр эир сағатының аралығына бекіттік", - деді ол.
Мемлекеттік мекемелерде тек қазақстандық арналар көрсетілуі керек. Сағат 18.00-ден бастап, 22.00-ге дейін жаңалықтар шығарылымы сурдоаударма және субтитрмен көрсетілуі керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024