Алматы. 22 маусым. 7kun.kz - Қазақстанның төрт аэропортында Қазпошта терминалдары арқылы қарыз төлеуге және шетелге шығуға тыйым салуды алып тастауға болады, деп хабарлайды Қазпоштаның баспасөз қызметі.
Берешек төлеуге және елімізден тысқары шығуға шектеуді алып тастауға мүмкіндік беретін Қазпошта терминалдары бүгін Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалалары әуежайларында жұмыс бастады. Таяу арада мұндай терминал Ақтау қаласының әуежайында іске қосылмақ.
Бүгін Алматы, Шымкент мен Қарағанды халықаралық ұшу аймағында және Астана әуежайында берешектерді тексеру мен төлеуге болатын Қазпошта терминалдары орнатылды.
15 минут ішінде берешектерді төлеу жөніндегі ақпарат деректер базасына беріледі, 30 минут ішінде сот орындаушысының қатысуынсыз елден тысқары шығуға шектеу алынып тасталады.
Мамыр айында Әділет министрлігімен бірігіп, Қазпошта өз бөлімшелерінде онлайн режимде берешек төлеуге және елімізден шығуға тыйым салуды алып тастауға мүмкіндікті іске қосты.
Маусым айында берешектерді тексеру және төлем карточкасы арқылы төлеу үшін тәулік бойғы қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін www.post.kz-те функционал іске қосылды және мобильді қосымша арқылы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024