Павлодар. 20 маусым. 7kun.kz – Енді ата-аналар балаларының мектепте қандай тағамдармен тамақтанатынын біле алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz kazpravda.kz-ке сілтеме жасап.
Әрбір білім беру мекемесінің асханалары балаларға арналған түскі ас пен түстен кейін дайындалған тағамдар туралы ақпаратты міндетті түрде интернетте жариялауы тиіс болады. Қазақстанда бірыңғай типтік ас мәзірін әзірлеумен тамақтану академиясы айналысады, кейін оны Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Соның негізінде еліміздің барлық мектептері азық-түлік картасын жасайды. Қазір Денсаулық сақтау және Білім беру министрліктері мектеп асханаларының стандартты мәзірін жаңартуға кірісті.
«Біз норманы белігедік, жақын арада мен бұл бұйрыққа қол қоямын. Әр мектеп «Күнделік» немесе басқа жүйелер арқылы белгілі бір порталда ата-аналарға арналған мәзірді алдын ала жариялауға міндетті болады. Тамақтану мәселелеріндегі ашықтық өте маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, Білім министрі кейбір мектептердегі асханаларда баға тым қымбат екенін атап өтті. Мысал ретінде ол елордадағы жарты литрлік минералды су 300-350 теңге тұратын оқу орнын келтірді.
«Бензиннен де қымбат. Бұл тонау, себебі мектеп асханасы – сауда жақсы жүретін орын. Балалар, мұғалімдер үнемі бірдеңе сатып алады. Қазір мектеп асханаларында мұндай келеңсіздіктер болмас үшін бұл мәселелерді де реттеп жатырмыз», – деді министр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024