Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Digital Almaty-2023 жылсайынғы халықаралық цифрлық форумында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы OneWeb – Network Access Associates Ltd. халықаралық спутниктік байланыс компаниясымен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Компания Қазақстан темір жолында спутниктік терминалдарды сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
ҚТЖ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, төмен орбиталық спутниктік топтан сигналды қабылдау байланыс тұрақтылығын және оны станцияларда резервтік арна ретінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл шалғайдағы нысандар мен пойыздарды байланыс және интернетпен жабдықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қазақстандық пойыздарда тегін интернет пайда болатыны туралы компания 2018 жылы хабарлаған болатын. Содан кейін Wi-Fi Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттары бойынша бірнеше пойыздарда енгізілді. Басқа бағыттардағы жолаушыларға тегін интернет 2022 жылдан бастап беріледі деп уәде етілген еді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024