Қазақстан. 5 мамыр. 7kun.kz – Билік азаматтардың өзіне құжаттарына фотосуретті таңдау құқығын беруді қарастыруда. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызмет көрсету түрлерін енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
«Бізге азаматтардан жеке куәліктер мен төлқұжаттарға түсірілген фотосуреттердің сапасына қатысты шағымдар түсуде. Сондықтан біз Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу жұмыстарын жүргізудеміз. Азаматтар терминалдарға өздері келіп, суретке түсіп, ішінен ең жақсы нұсқасын таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібереді», – деді Сүйеніш Әбілдин.
Әбділдин қазір бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Жақын арада мұндай терминалдарды Нұр-Сұлтанда іске қосу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, өткен жылы 2,4 миллионнан астам қазақстандық ХҚКО арқылы жаңа жеке куәлік пен төлқұжат алған. Қызмет ішінара автоматтандырылған. Оны көші-қон полициясының қызметкерлері ұсынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024