Экономика
Енді тәркіленген мүлік Kolesa.kz, Krisha.kz және OLX порталдары арқылы саудалануы мүмкін
Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Бас көлік прокуратурасы тәркіленген мүлікті сату тәсілін қайта қарауды жоспарлап отыр. Енді олар Kolesa.kz, Krisha.kz және OLX порталдарында саудалануы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз жеке тұлғаларға электронды аукциондар арқылы сату тетігін қайта қарау жұмыстарын бастадық, өйткені тәркіленген заттар көбінесе нарықтық құнынан төмен сатылады. Басты себеп – «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталының танымал еместігі», – деп атап өтті ведомствода.
Мәселені шешу үшін танымал хабарландырулар сайттарымен ынтымақтастық орнату мәселесі қарастырылуда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024