Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылды. Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алтын құймаларды ЕДБ клиентке «күнбе күн» ақша төлеу арқылы кері сатып ала алады. Бұл олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы. Қазақстан теңге сарайында бағдарламаға қатысатын 10, 20, 50 және 100 граммдық алтын құймаларын дайындады. Мысалы, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылды.
Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр), құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады.
Қазіргі уақытта алтын құймаларды Қазақстанның Халық Банкінен және Еуразиялық банктен сатып алуға болады. Келешекте Бағдарламаға қатысушы банктердің саны ұлғаяды.
Бастапқы кезеңде алтын құймалар Қазақстанның – Астана, Алматы, Өскемен және Атырау сияқты 4 қаласында қолжетімді болады. Кейіннен алтын құймаларды сату географиясы да ұлғаяды.
Банктің мәліметінше, қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыптау сақтау және орауын ашпау қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024