Қазақстан Ресейдің келісімінсіз Украинаға газ сатпайды. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев мәлімдеді.
"Украинаға газ жеткізу үшін ең алдымен Ресеймен келіссөздер жүргізу қажет екенін түсіну керек. Бізде бүгінгі таңда ондай келісімдер жоқ",- деді ол Астанада өткен брифингте. "Біз бүгінде Ресей Федерациясына газ сатып отырмыз және бұл бізді қанағаттандырады",- деді вице-президент. Сонымен қатар, М.Мырзалиев, 2025 жылға қарай ЕурАзЭҚ шеңберінде бірыңғай газ нарығының құрылатынын атап өтті. "ЕурАзЭҚ-пен жұмыс істеу аясында біз 2025 жылға қарай бірыңғай газ нарығын құруға уағдаластық. Бұл басқа серіктестер секілді, Қазақстанның да осы одақ ішінде газ саудалауына мүмкіндік береді. Яғни, Беларусь мемлекетіне, Ресейдің кейбір өңірлеріне, Арменияға және басқа елдерге ешқандай кедергісіз газ жеткізе аламыз. Әрі біздің өз нарығымыз пайда болады",- деді ол. Осыған дейін, Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Владимир Демчишин журналистерге қазақстандық тараптың Киевке мұнай өнімдерін, газ конденсатын және уран концентратын жеткізу бойынша жобаларды талқылауға қызығып отырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, Қазақстан бұл бағыт бойынша профицитті ел болып табылады, әрі қазақстандық компаниялар да Украинаға энергия ресурстарын жеткізуге қызығушылық танытып отыр. Фото: seebiz.netПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024