Экономика
Энергия үнемдеу мен тиімділік ережелерін сақтамағандарға 962 000 теңге айыппұл салынды
Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөнінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде ережелерді сақтамағандарға 962 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Экономика министрлігі.
2018 жылы 21 ақпаннан 30 наурызға дейін Астана қаласында Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департамент қызметкерлері 2018 жылдың бірінші тоқсанына «Астана-Энергия» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөнінде екі тексеру жүргізді.
Онда 32 заң бұзушылық анықталды. Жоғарыда көрсетілген субъектілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 290-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа сәйкес 962 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024