"Манчестер Юнайтед" екінші жыл қатарынан британдық Brand Finance консалтинг компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футбол бренді деп танылды. Өткен жылмен салыстырғанда ағылшын клубы брендінің құны 3% яғни 1,17 млрд долларға лейін төмендегенімен, көшбасшылықты сақтап қалуға кедергі болған деп жазады РБК.
Рейтингтің екінші орында - испандық "Реал Мадрид" клубы. Компания сарапшыларының бағалауынша, бұл брендтің құны өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға, 1,15 млрд долларға дейін жоғарылаған. Үштікті испандық келесі бір клуб "Барселона" қорытындылады. Өткен жылы рейтингте клуб алтыншы орында болғанымен, бұл жылы 28% яғни 993 млн долларға қымбаттады. Төртінші орында - бренді 905 млн доллар деп бағаланған "Манчестер Сити" клуьы. Рейтингті мюнхендік "Баварияның" бренді қортындылайды. Өткен жылы бұл клуб ең қымбат футбол брендтері тізімінде екінші орынды иеленген еді. Brand Finance бағалауынша, бір жыл ішінде құны 7%-ға дейін арзандаған. Роман Абрамовқа тиесілі "Челси" клубының бренді 776 млн доллармен 8-орынға, ал акционерлерінің бірі Алишер Усманов болатын "Арсеналдың" бағасы 858 млн долларға бағаланып, 6-орынға көтерілді. Ең қымбат 50 брендтің ішінде басқаларға қарағанда өткен маусымда тарихында бірінші рет Англия чемпиондығын жеңіп алған "Лестер Ситидің" бренді жоғарылаған. Өткен жылы клуб брендінің құны 132%-ға көтеріліп, 237 млн долларды құрады. Бренд бағасы барынша ең көп төмендеген - "Монако" (38%), "Галатасарай" (34%) және ағылшындық "Астон Вилла" (29%) клубтары.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024