ЕО Кеңесі Украинаға 15 жылға 1,8 млрд еуро макроқаржылай көмек түрінде несие беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы кеңестің сейсенбіде жарияланған мәлімдемесінде айтылған.
"ЕО Кеңесі 2015 жылдың 31 наурызында Украинаға 1,8 млрд еуро макроқаржылай көмек беру туралы шешім қабылдады",-делінген хабарламада.
Несие Еурокомиссия мен Украина арасындағы келісім аясында екі жыл көлемінде берілуі қажет. Сондай-ақ, екі ара "мемлекеттің қаржысы мен құрылымды реформасына зер сала отырып, экономикалық саясат пен қаржылық талаптарды нақты анықтайтын" түсіністік туралы Меморандумға қол қояды.
Осыған дейін наурыз айының басында ХВҚ халықаралық қаржылық ұйымдар арқылы 17,5 млрд доллар және әріптес-елдер арқылы екі жыл көлемінде 7,3 млрд доллар бөлу туралы бағдарламаны бекіткен еді. Бағдарламаның бірінші жылында микроқаржылық ұйымдар - 1,8 млрд доллар, ЕО- 1,8 млрд доллар, АҚШ- 2 млрд доллар және Швеция, Швейцария, Жапония, Германия және Польша тәрізді әріптес- елдер 0,7 млрд доллар бөлуі қажет. ЕО-тың өзі өткен жылы Украинаға 1,36 млрд еуро макроқаржылай көмек көрсеткен еді.
Макроқаржылай көмек беру үшін Еурокомиссия нарыққа өзінің облгиацияларымен шығады. Жарияланымнан түскен қаржы операциялық шығындарымен бірге Украинаға бағытталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024