2019 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі жеке және мемлекеттік сектордағы 29 жобаны қаржыландырып, 761 млн. АҚШ долларын (685 млн. еуро) инвестициялады. Бұл туралы даму иниститутының баспасөз қызметі хабарлады.
«2019 жыл Қазақстандағы жемісті жылдардың бірі болды, оның барысында біз стратегиялық маңызды жобаларға қолдау көрсеттік. Біз Қазақстандағы бапты саяси қайта құру инвесторлардың елге деген сенімінің артуына көмектескеніне және бізге әрі қарайғы ынтымақтастық үшін берік негіз қалыптастыруға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз», - дейді Қазақстандағы ЕҚДБ Өкілдігінің Басшысы Агрис Прейманис.
Өткенд жылы ЕҚДБ қоғамдық инфрақұрылымды дамыту жобалары мен жаңғыртылатын қуат көздері жобаларына ерекше көңіл бөлген. Оның ішінде Қазақстанда жаңғыртылатын энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруға арналған 300 млн. еуро көлеміндегі келісімнің екінші кезегін және ұзындығы 66 шақырым айналма Үлкен Алматы шеңберлік автомобиль жолының (БАКАД) құрылысын аяқтау үшін 225 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі несиені мақұлдаған.
Атырау-Астрахан жолын қайта құру жобасы (190,4 млн. еуро) және Күрті-Капшагай жолын қайта құру жобасы (80,3 млн. еуро) да қаржыландырылған.
Жамбыл облысындағы қуаттылығы 100 МВт күн электростанциясының (50 млн. еуро), Жаңақорған ауданындағы қуаттылығы 10 МВт жаңа күн электростанциясының (6,4 млн. АҚШ доллары) және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Шолаққорғандағы қуаттылығы 50 МВт жаңа күн электростанциясының (жергілікті валютада 40,4 млн. АҚШ доллары сомасына кредит) құрылысына да кредит берілген.
Сондай-ақ, Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарына, сондай-ақ кәсіпкер әйелдерге ЕҚДБ «Forte Bank», «KMF» және «CenterCredit» секілді жергілікті коммерциялық банктер мен ұйымдар арқылы берген кредиттер түрінде қолдау көрсетілді.
Ал өндіріс саласында Банк қазақстандық тағам өнімдері мен сусындар өндірушісі – «RG Brands» компаниясына электр энергиясын аз тұтынатын салқындатқыш витриналар сатып алу үшін теңгемен (25 млн. АҚШ доллары эквивалентінде) кредит бөлді.
Банк 2020 жылы Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту мақсатында энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы секілді секторларда мемлекеттік органдармен өзінің диалогын жалғастырмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024