
Нұр-Сұлтан. 31 тамыз. 7kun.kz – Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын», – делінген президент жарлығында.
Мемлекет басшысының жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды.