Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев Ұлттық банк басқармасында үкімет өкілі атанды.
Ұлттық банк басқармасының бұрынғы өкілі Тимур Сулейменов Үкіметтің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен басқарма құрамындағы міндетінен босатылды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ұлттық Банктің басқарма құрамына Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев, Президенттің көмекшісі Әлихан Смайылов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары Алпысбай Ахметов, Дина Ғалиева, Жанат Құрманов, Олег Смоляков, Ұлттық банктің банктік қадағалау департаментінің директоры Олжас Кизатов кіреді.
Айгүл Хожантаева