Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – Еуразиялық Топ (ERG) Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) үшін жаңа техника сатып алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады, - деп хабарлайды «ССКӨБ» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның технопаркі құны 1 млрд теңгеден асатын БелАЗ 75/307 жаңа 220 тонналық самосвалмен толықты.
Самосвал тау-кен массасының үлкен көлемін тиімді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні кәсіпорынның Қашар алаңында технологиялық көліктің 54 бірлігі жұмыс істейді. Бұрын ең үлкені 180 тонналық Hitachi болды.
Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ – Қазақстандағы темір кенін өндіру және байыту жөніндегі ірі кәсіпорын.
ERG – өндіру, қайта өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларындағы толық интеграцияланған кәсіпорындармен табиғи ресурстарды әзірлеу жөніндегі әлемдегі ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024