«Сбербанк» АҚ ЕБ Директорлар Кеңесінің 25 мамырдағы шешімімен Ернар Накисбеков Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұл лауазымға дейін Ернар Накисбеков Мәскеудегі «Группа Ренессанс Страхование» АҚ атқарушы вице-президенті болып қызмет атқарған. Бұған дейін ол Kcell Қазақстан, Tcell Тәжікстан сияқты бірқатар аудиторлық және телекоммуникациялық компанияларда басшы лауазымдарында, Beeline Қырызстан және Digicel Pacific Папуа-Жаңа Гвинеяда бас директор лауазымында жұмыс атқарған. Еңбек жолын HSBC Банк Қазақстанда бастаған.
«Біз Накисбеков мырзаны Сбербанк командасына қуана қарсы аламыз. Оның түрлі нарық салаларындағы бай тәжірибесі банктің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетуге көмектесетініне сенеміз, бұл мақсаттар мен міндеттердің ең бастысы да клиенттерімізге үздік банктік сервис ұсыну болып табылады», - деді Банктің Басқарма Төрағасы Ельдар Теңізбаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024