Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Ержан Иманзаипов тағайындалды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Ол бұған дейін қала әкімінің коммуналдық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша тәмәмдады. Еңбек қызметін 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастады. 2006 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметте: «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімде бас маман; ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитеті басқармасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы. 2007 жылдың наурызынан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде – табиғи монополияларды реттеу жөнінде басқармасының жетекші маманы; Тарифтік реттеу басқармасының жетекші маманы; Тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасының сараптаушысы; 2011 жылдың сәуірінен 2013 жылдың маусымына дейін Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті - директор орынбасары; 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың наурызына дейін тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасының басшысы; Электр және жылуэнергетикасы саласында реттеу жөніндегі департаментінде директор орынбасары лауазымында қызмет атқарған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024