Есеп комитетінің төрағасы Елбасы алдында есеп берді. 2014 жылды қорытындылаған Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Нұрсұлтан Назарбаевты келер күндер еншісіндегі жоспарларынан да құлағдар етті деп хабарлайды Ақорда баспасөз-мәслихаты.
Аталмыш комитет өткен жылы жалпы құны 3,1 трлн теңгені құрайтын 298 нысанға 25 бақылау іс-шарасын жүргізген. Нәтижесінде, 716 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталса, 75 млрд теңге республикалық бюджетке қайтарылған.
Тексеру мен бақылау-талдау шараларының нәтижесі бойынша, Үкіметке, мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субьектілеріне 312 тапсырма мен ұсыным жолданды.
Сондай-ақ, Қозы-Көрпеш Жаңбыршин барлық облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының комиссиялық тексеріс негізіндегі 2014 жылғы жұмыс қорытындыларын баяндады.
Елбасы болашақта Ұлттық қор мен республикалық бюджеттің бұдан да тиімді жұмсалуын қатаң қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруда қаржылық тәртіпті нығайтудың маңыздылығын ескертті.
Кесдесу соңында Елбасы қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024