Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Киберқауіпсіздік саласының мамандары бүгінде WannaCry вирусынан миллионнан астам компьютер зардап шегуі мүмкіндігін ескертіп жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Еуропол директоры Роб Уэйнрайт бұған дейін мәлімдегендей, кибершабуылдардың сериясы дүйсенбі күні таңертең қайта жалғасуы мүмкін. Оның айтуынша, вирус әлемнің 150 еліндегі 200 мың компьютерді зақымдап үлгерді. Британиялық барлау қызметінің өкілдері дүниежүзі бойынша коммерциялық мекемелерге ауқымды кибершабуылға әзір болуға кеңес берді.
Avast антивирусын жасап шығарушылар WanaCrypt0r 2.0 вирусын қолданумен жасалған 57 мың хакерлік шабуыл туралы хабарлап отыр. Вирус бірінші кезекте Ресей, Украина және Тайваньда таралып жатыр. Ал «Касперский зертханасының» мәліметінше, жұма күні әлемнің 74 елінде хакерлік шабуылдардың 45 мың әрекеті жасалды. Компьютерлерді зақымдау ең көп әрекеттері Ресейде байқалды.
Еске салсақ, бұған дейін 12 мамырда Еуропа пен Азияның көптеген елінде жұма күні кибершабуыл жасалып, ондаған мың компьютерге ақша бопсалайтын бағдарлама-вирус жіберілгендігін хабарлағанбыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024