Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕуразЭО Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрмақшы

ЕуразЭО Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрмақшы

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) осы жылдың мамыр айында Вьетнаммен еркін сауда аймағы жөнінде келісім-шартқа қол қоюы мүмкін. Бұл туралы ЕЭК-тың сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев мәлімдеді.

"Біз бүгінде Вьетнаммен келіссөздердің қорытынды кезеңінде жүрміз. Жалпы алғанда барлығы аяқталып қалды. Қазір мәтіннің техникалық тексерісі жөнінде жұмысты аяқтап жатырмыз. Мамыр айында қол қоямыз деп үміттенеміз", - деді ол.

Сондай-ақ, министр алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың Қытаймен өзара серіктестік мәселесін талқылауды жоспарлап отырғандығын атап өтті. ЕуразЭО пен ҚХР арасындағы ресми серіктестік форматын анықтау үшін ол елге комиссия өілдері жіберілмек.

Осы жыл көлемінде Үндістан, Израиль және Египетпен де келіссөздер жүргізілмек. Әсіресе, ЕуразЭО-мен еркін сауда мәселесін талқылауға Латын Америка, Батыс Азия және Азия- Тынық мұхиты аймағының елдері қызығушылық танытып отыр деп атап өтті А.Слепнев.  

Похожие материалы