Алматы. 25 наурыз. 7kun.kz – Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 2017 жылы 60-70 млн долларға жуық таза пайда табуды көздеп отыр. Бұл туралы ЕАДБ басқарма төрағасы Дмитрий Панкин мәлімдеді.
Дмитрий Панкиннің айтунша, осы жылдың қаңтар-ақпан айында тапқан табыс көлемі 12,7 млн долларға жеткен
«Айта кетейін, табысты көбейту ЕАДБ-нің қызметіне кірмейді. Алайда біз шығынға батып та отыра алмаймыз. Ең бастысы жоспарланған жобаларды жүзеге асыру. Интеграциялық құрылымы 50 пайыздан кем емес. Банк акционерлері бізге осындай тамсырма қойды», - деп атап өтті қаржы институтының басшысы.
Сонымен қатар, Дмитрий Панкин 2016 жылдың қорытындысы бойынша, ЕАДБ 160 млн доллар таза табыс тапқандығын да айта кетті.
«Бұл өте жақсы көрсеткіш. Және бизнес-модельге енгізілген жаңа өзгерістердің оң нәтиже бергенін көрсетеді», - деді ЕАДБ басшысы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024