Жақын арада Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде ортақ валюта енгізу жоспары алдағы уақытта орындала қоюы екіталай. Ресей және ТМД бойынша "Ренессанс Капиталдың" экономист-сарапшысы Олег Кузьмин осылай есептейді деп хабарлайды LS.
Сарапшының сөзінше, Ресей үкіметінде аталған жоспарды іске асыратындай мүмкіндік жоқ. "Бұған бірнеше кедергі бар. Біріншіден, ЕЭО кеңістігінде ортақ валютаға ие болу барлық көрсеткіш жағынан алғанда тиімсіздеу. Екіншіден, орталық банктер әртүрлі ақшалай-несиелік саясатты ұстанады. Мысалы, Ресей құбылмалы бағамға көшіп үлгерді. Үшіншіден, бұл жағдайда ортақ валюта енгізу орталық банктердің тәуеліз түрде ақшалай-несиелік саясатын жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін",- нақтылады ол.
10 наурыз күні Ресей президенті Владимир Путин РФ-нің Орталық банкі мен үкіметке қыркүйектің біріне дейін ЕЭО-ның аясында валюталық одақ құрудың пайдалылығын анықтауды тапсырған еді.
О.Кузьминнің атап өтуінше, ЕЭО елдерінің арасында ұлттық валюта бойынша сауда операцияларды есептеуді дамыту жөнінде қадамдар күтуге болады. "Бұл - өте маңызды жне өзекті сұраққа бағытталған іс", - дейді ол.
Осыған дейін, Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін ЕЭО аумағында аймақтық валюта енгізу туралы ұсыныстар айтылған еді. Т.Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университетінің ғылыми қызметкері Эльвира Рузиеваның айтуынша, ортақ валюта - мемлекеттердің интеграциялануының логикалық жалғасы. Әзірге валюталық реттеу, салық және тағы да басқа мәселелерге байланысты шешілмеген сұрақтар бар. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы кем дегенде 8-10 жылдан кейін айту қажет.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024