Еуроаймақ елдерінің көшбасшылар грекиялық дағдарысқа арналған төтенше саммитте жаңа келісімге қол жеткізді. Бірінші хабарлама Брюссельдегі саммитке қатысушылардың твиттерінде пайда болды деп жазады ВВС.
Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель алғашқылардың бірі болып "Келісім" деп жазған твиттерінде. Осыдан кейін Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск Еуропалық тұрақтандыру механизімінің (ESM) аясында Грекияға қаржылай көмек беру туралы ортақ келісімге келді деп хабарлады.
"Еуросаммит бірыңғай келісімге келді. ESM бағдарламасы үшін маңызды реформалар мен қаржылай көмек дайын", - деп жазды Туск өзінің твиттердегі аккаунтында. "Бізге Grexit-тен құтылудың сәті түсті", -деп мәлімдеді Брюссельдегі баспасөз-мәслихаты кезінде Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер. Сарапшылардың көпшілігі, саммиттің сәтсіз аяқталуы Грекияның еуроаймақтан шығатындығын білдіреді деп болжаған еді. "Грекиядағы жағдай өте күрделі. Мен қабылданған шешімге еш күмән келтірмеймін, барлық заңдар дайындалды. Менің ойымша, сенім қалпына келеді", - деп мәлімдеді Германия канцлері Ангела Меркель грекиялық парламенттің саммиттегі реформалар бағдарламасын заңдастыру туралы сұраққа жауап бере отырып. Ал Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың сөзінше, "үлкен күрес аяқталды, енді қиын шешімдер қабылдау қажет". "Біз бұл шешімдер үшін жауапкершілікке ие болдық. Бұл Еуропадағы консервативті топтың радикалды жоспарын іске асырудың алдын аламыз дегенді білдіреді. Біз қарызды қайта құрылымдап, орта мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз еттік", - деді ол. Оның атап өтуінше, Грекия дамуға қайта оралу үшін күресті жалғастырады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024