Еуропалық комиссия (ЕК) алдағы бірнеше аптада америкалық Google компаниясына монополиялға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 3 млрд еуро көлемінде айыппұл салуы мүмкін, деп хабарлайды The Telegraph агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, ЕК жазғы демалысқа кетпей тұрып өздерінің қандай шешім қаблдағандарын жарияламақ.
Айта кетейік, айыппұл салу туралы мәселе 2010 жылдан бері талқыланып келеді. Алайда ЕК тек 2015 жылы ғана компанияға қатысты ресми айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ведомство Google жеке өнімдері мен қызмет сапасын жақсарту үшін бәсекелестік ережелерін бұзды деген болжам жасап отыр.
Google компаниясы жағдайды реттеудің түрлі нұсқаларын ұсынған, дегенмен реттеушімен ортақ шешімге келе алмады.
Google компаниясына салынатын айыпұлдың ең жоғарғы мөлшері - 6,6 млрд еуро немесе компанияның жылдық табысының 10 пайызын құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024