Euromoney журналы Қазақстандағы ең үздік банкті атады деп жазады Tengrinews.kz, "Қазақстан халық банкі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Лондонда 2015 жылдағы ерекше жетістіктері үшін Орталық және Шығыс Еуропадағы компанияларға берілетін беделді халықаралық Euromoneу баспасының Euromoney’s Awards for Excellence 2015 марапатын табыстау салтанаты өтті. Қазақстандық қаржы институттары арасында ең үздік болып "Қазақстан халық банкі" АҚ (Halyk Bank) танылды. "Баспаның ұсынған ақпараты бойынша, банк өз активтерінің сапасының арқасында жетістікке жетті. Euromoney марапаттарын беру туралы шешімдер нарық қатысушыларынан алынған толық есептерді талдау және баспаның сарапшылары өткізген өңірдегі банктік сектор мен борыштық капитал нарықтарына жыл бойы жүргізетін көлемді зерттеу нәтижелері бойынша қабылданады", - делінген хабарламада.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024