Экономика
Экономика1
Еуроодақ Қазақстанның Балтық елдерінен келетін балыққа тыйым салуын түсіндіруін сұрады
Еуропарламент депутаты Инес Вайдер Қазақстанның Балтық елдерінен келетін балық өнімдеріне тыйым салу себебін түсіндіруді сұрап отыр. Өтінішін Еуроодақтағы Қазақстан өкілдігіне бағыттаған.
"Еуроодақтағы Қазақстан өкілдігінің басшысынан Латвия мен Эстониядан келетін балық өнімдеріне тыйым салу себебін түсіндіруді сұрадым", - деп жазады депутат Twitter-ге. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Балтық елдерінің балығын кіргізуге уақытша тыйым салды деп хабарланған еді. Қазақстанның ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті латвиялық және эстониялық балық өнімдерін кіргізуге шектеу қойды. Осы жылдың мамырында Россельхознадзор мамандары латвиялық және эстониялық балықөңдеуші зауыттардағы өнімдерді тексерді. Инспекция нәтижесінде олардың өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ветеринарлы-санитарлы талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Ресейлік бақылау органында хабарлағандай, олардың құрамында бензопирен және өзге де улы заттар мөлшерден көп.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024