Еурокомиссия ресейлік компания «Газпромды» монополия заңын бұзды деп айыптауы мүмкін. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлайды.
Заң бұзушылықты еурокомиссар Маргрет Вестагер тексеріп жатыр. Өткен аптада ол ЕО-тың бір мемлекетінен екіншісіне баратын энергоресурстарды бұғаулап тастайтын компанияларға қарсы шара қолданбақшы екендігін мәлімдеген еді.
Оның сөзінше, антимонополия заңын бұзғаны туралы айып тағу Украина жағдайына байланысты кері шегеріліп келген, бірақ шағым жөніндегі ескертпе 22 сәуірде болатын Еурокомиссия отырысының күн тәртібіне енгізіліп қойылды.
Еуроодақ "Газпромды" нарықты бөліп алу арқылы ЕО елдеріне баратын жеткізілімге шектеу қойды және мұнай бағасына байланған тиімсіз баға белгіледі деп күдіктеніп отыр. Жаза ретінде ресейлік компания ЕО елдерінің жылдық айналымының 10 пайызы есебіндегі айыппұл төлеуі мүмкін
Айта кетейік, наурыздың соңында Ресей, Еуроодақ және Украина газ жөнінде үш жақты келіссөздер жүргізген еді. Отырыстың қорытындысы бойынша, РФ-ның энергетика министрлігі энергетикалық одақтың құрылғанына қарамастан Ресей Еуропаға негізгі энергоресурс тасымалдаушы болып қала береді деп мәлімдеді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024