Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - АҚШ Мемлекеттік департаменті алдағы төрт айда Еуропа аймағында теракт болуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Reuters.
"Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарын Еуропа бойынша террорлық шабуыл жасалу қаупі бар екендігін ескертеді. Ескерту 2017 жылы қыркүйектің 1-інде күшін жояды", — делінген хабарламада.
Ведомстводағылардың айтуынша, Франция, Ресей, Швеция мен Ұлыбританияда жасалған ланкестік әрекеттер террористердің бүкіл Еуропа бойынша терракті жасауға мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді. Сонымен бірге, терроризмге немесе жалпы радикализмге жақын жүретін адамдардың да қауіптілігін дәлелдеп берді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024