Еуропадағы 33 мемлекеті арасындағы ең арзан дизель отыны Қазақстанда сатылады. Бензин мен дизель отынының бағасы бойынша жасалған мемлекеттердің рейтингі осылай көрсетеді деп жазады РИА Новости.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметтерді жинақтаған тізімге сәйкес, ең қымбат дизель отыны Ұлыбританияда сатылады - литрі 106,5 рубль (349,4 теңге). Екінші орында Италия мен Швеция тұр. Қазақстан рейтингтің төменгі сатысында. Сарапшылардың мәліметінше, дизель отыны мұнда 29 рубльден (95,1 теңге) сатылады. Ресейде - 34,6 рубль (113,5 теңге), ал Беларусьте - 45,1 рубль (148 теңге). Ал ең қымбат бензин Нидерланд корольдігінде 103,9 рубльден сатылады(340,9 теңге). Алғашқы бестікте Ұлыбритания мен Дания бар. Рейтингтің ең төменгі сатыларына Кедендік Одаққа мүше елдер жайғасты, яғни оларда бензин ең төменгі бағамен сатылады. Қазақстан 32-орында, елімізде АИ-95 бензинінің әр литрі 2015 жылдың маусым айынан бері 39,2 рубльден (128,6 теңге) сатылады. Рейтингтің ең соңғы орнында Ресей тұр - 35,7 рубль (117,1 теңге). Айта кетейік, еуропалық елдердің арасында бірінші жартыжылдықта Украинада бензин күрт қымбаттады. Баға бірден 21 пайызға көтерілді. Сонымен қатар, баға 19,7 пайызға Хорватияда, Люксембургте, Дания мен Ұлыбританияда артты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024