Экономика
Регионы
Еуропалық компаниялар Алматының көлік реформасына қатысуға ниет білдірді
Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Европалық реконструкция мен даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесі. Тараптар мегаполистегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Бүгінгі күні ЕРДБ экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда еліміздің жетекші қаржы серіктесі болып табылады. Юрген Ригтеринк өзінің сөзінде ЖРК және ТЭЦ-2 газдандыру сынды жобалардың банктің әлеуметтік және экономикалық бағыттағы стандарттарына сай келетінін айтты.
Мегаполис басшысы көлік жүйесін басқарудың әлемдік жетекшілерінің біріне айналған және қоғамдық көлікті пайдаланудың цифрлы шешімдерінің кең спектрін ұсынатын француздың «Transdev» компаниясы басшылығымен де кездесті.
Латын Америкасы, Оңтүстік Европа, Таяу Шығыс пен Солүтстік Африкадағы «Transdev» тобының президенті Бруно Шаррад қаланың көлік реформасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға және осы істегі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.