Еврейлермен танысқаны үшін қызметкерлерді жұмыстан шығарған авиакомпания айыпталды
Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – АҚШ-тың Delta Air Lines авиакомпаниясы еврейлермен танысқаны үшін қызметкерлерін жұмыстан шығарған. Авиакомпанияның төрт бұрынғы және қазіргі қызметкерлері компанияны Нью-Йорктегі федералдық округтік сотқа антисемитизмге қарсы арыз берді. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.
Арызданушылардың пікірінше, Delta тарапынан еврейлер мен исраилдіктердің құқықтарына қатысты қысым жасалады. Мәселен, компания жолсеріктерінің бірі 2017 жылдың наурызында жұмыстан еврей болғандығы үшін ғана қуылған.
Еврейлікке түк те қатысы жоқ басқа бір жолсерікті, ол Delta қызметкерінің куәлігін белгілі бір еврей адамына жеңілдікпен жеткізгені үшін жұмысынан айырылғанын мәлімдеді. Компанияның мәлімдеуінше, ол әйел қойылған ережелерді бұзған. Өйткені ол бұл адаммен таныс болмаған, ал жеңілдіктер тек жақын адамдар үшін ғана беріледі. Қызметкер болса, бұл адамды 40 жылдан бері танитынын айтқан. Дегенмен, Delta мұны антисемитизмнің көрінісі деп мәлімдейді.
Арызда, сондай-ақ, еврей қызметкерлерге қызметінде алға жылжуға мүмкіндік берілмейді. Ал тасымалдаушының Израильге ұшатын рейстердегі жағдайды жолаушыларға қарсы деп есептейді. Талапкерлер Delta компаниясынан өтемақы алуды, сондай-ақ жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта шақыртуды талап етеді.
Авиакомпанияның мәлімдемесінде, Delta Air Lines басқармасы кез-келген кемсітушілікке қарсы екенін айтады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024