Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Европадағы ең табысты адамдардың рейтингі анықталды

Европадағы ең табысты адамдардың рейтингі анықталды

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Forbes журналының рейтингінде британдық жазушы Джоан Роулинг Еуропадағы ең табысты адам болды.

Гарри Поттер кітаптарының авторы Джоан Роулинг бір жылда 95 млн доллардан астам табыс тапқан. Джоан Роулинг әлемдегі ең жоғары ақы төленетін жазушы болып саналады. Сонымен қатар, Forbes-тің рейтингі бойынша үшінші орынға ие. Оның ең көп табысы «Гарри Поттер және қарғыс бала» пьесасынан келіп түскен.

Европадағы табысты адамдардың рейтингісінде екінші орынды футболшы Криштиану Роналду иеленді. Ол испан клуб және көптеген жарнама келісімшарттары арқасында 93 миллион доллар табыс тапты.

Үшінші орында 88 млн доллар табысымен Coldplay британдық тобы тұр.

Рейтингте бір жылдағы табысы 69 млн доллар болған әнші Адель төртінші орынды қорытындылайды.

Басылымның мәліметінше, Роулинг пен Адель рейтингтегі алғашқы жиырмалыққа енген жалғыз әйел азаматтары. Соңғы бір жылда Европадағы ең танымал адамдардың жалпы табысы  1,06 миллиард доллар болды. Олардың 12-і  британдық азаматтар.

 

Похожие материалы