![EXPO-2017 обьектілері Ұлттық банкке беріледі](/uploads/posts/1718872351_FPaq42AODzWE7UO8xRwmdno96NChmotf/image/post7.jpeg)
Қазақстанның Ұлттық банкі Астанаға көшеді. Бірақ Алматы ірі ұлттық қаржылық орталық болып қала береді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Осыған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдан Астанаға орын ауыстырады деп айтылған еді. "Президент шешімдерінің бірі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін кезең-кезеңімен Ұлттық банктің орнын ауыстыру болып табылады. Яғни екі жыл ішінде біз қажетті инфрақұрылымды дайындауымыз қажет. ІТ инфрақұрылымын, Ұлттық банктің штаб пәтерін Астанаға апару керек", - деді Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумы кезінде. Ол ЭКСПО-2017 көрмесі үшін салынған обьектілерінің барлығы Ұлттық банкке берілетіндігін атап өтті. "ЭКСПО-ға салынғандардың барлығы Ұлттық банкке беріледі. Біз кейін сол жерде боламыз. Мемлекет басшысы Алматы ұлттық масштабтағы қаржылай орталық болып қала береді деп мәлімдеді. Енді банктер көшу-көшпеу керектігін өздері біледі. Кейбіреулері штаб пәтерлерін ауыстыра бастады, кейбіреулері қалады. Әркімнің өз таңдауы болады", - деді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024