Алматы. 13 қазан. 7kun.kz - Facebook компаниясы жыл сайын "Occulus Connect" өндірушілеріне өткізетін конференцияда "Occulus Go" жаңа виртуалды дербес көзілдірікті жасайтындығын мәлімдеді.
Facebook компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Марк Цукерберг виртуалды көзілдірікті қолдануға 1 млрд адамды тартуды жоспарлап отыр.
«Біз алдымен оның (виртуалды шындық-IF) қауіпсіз және барлық адамдар үшін қолжетімді болатынына көз жеткізгіміз келеді», - деді ол.
Виртуалды "Occulus" деп аталатын дербес көзілдірік бұрынғы нұсқасына (Oculus Rift) қарағанда бағасы 199 доллар болады. Виртуалды көзілдіріктер 2018 жылдың басында сатылымға шығады. Құрылғы аудио жүйемен және 2560-1440 пикселді экранмен жабдықталған. Шлем телефонға немесе компьютерге қосылмай-ақ жұмыс жасайды. Компания виртуалды көзілдіріктің басқа сипаттамаларын әзірге айтқан жоқ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024