Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz— Facebook glTF 2.0 форматын қолдап, қолданушыларға өзінің жаналық лентасына 3D нысандарды жариялауға мүмкіндік берді, деп мәлімдеді РИА Новости.
"Біз жақында ғана адамдарға цифрлық нысанды барлық жағынан көріп, онымен Facebook жаңалықтар лентасында өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін 3D-постты енгіздік".
Қолданушылар саусақтарымен немесе тінтіуірдің сол жақ батырмасымен суретті айналдыра алады. 3D посттар бейнеленген текстураны қолдайды.
Facebook 3D-объектілерді енгізу үшін басқа компаниялармен алғашқы серіктестіктен бастап өзара әрекеттесіп жатыр.
Енді қолданушылар Sony компаниясының "3D Creator" қосымшасы арқылы Хperia XZ1 телефонымен жасалынған өздерінің "3D-еске алуын" бөлісе алады.
Modo 3D-редакторы Facebook-ке арналған дайын жарияланымдар жасауға мүмкіндік қосты.
Сондай-ақ, Facebook желісіне Oculus Medium платформасынан сурет жүктеуге де болады. Oculus Medium платформасының арқасында қолданушылар өздерінің жеке цифрлық мүсіндерін жасай алады.
Көп ұзамай қолданушылар Google компаниясының үш өлшемді Poly суреттерін бөлісетін болады делінген хабарламада.
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024