Facebook Eutelsat француз операторымен Африканың әлемдік желіге қосылмаған аймақтарын интернетпен қамтамасыз етуге келісім жасады. Жоба Internet.org әлеуметтік желісінің бастамасымен 2016 жылдың ортасында жүзеге асады. Бұл туралы The Telegraph-қа сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.
Eutelsat пен Facebook бірігіп жобаны іске асыру үшін AMOS-6 спутнигін пайдаланады. Жалпы, Spacecom атты израильдік компанияға тиесілі спутниктің шығарылымы 2015 жылдың соңына жоспарланған. AMOS-6 Африканың батыс, шығыс, оңтүстігінде орналасқан 14 аймақтың смартфон қолданушыларына интернетті қолжетімді етеді.
«Facebookқа тапсырма — барлық әлемдік желіні қамтамассыз ету», — деді Internet.org-тың басшысы Крис Дэниэльс. Интернет қолданушылар үшін жаңалықтар, ауа райы сияқты базалық сервисер және денсаулық сайттары, Facebook тегін әрі қолжетімді болады.
Өз кезегінде Eutelsat Африкадағы операцияларды басқару үшін Лондонда жаңа кеңсе ашады. Жобаның жетекшісі Tiscali-дің бұрынғы басшысы Лорен Гримальди болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024