Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Facebook жарнамалау ережелерін жаңартты. Сондай-ақ, жарнама ленталарында криптовалюта, ICO туралы жарнамаларды жариялауға тыйым салды. Бұл туралы компания хабарламасында айтылған.
Бұл тыйым әлеуметтік желіге, Instagram қызметіне және Audience Network жарнамалық платформасына қолданылады.
Бұл дегеніміз, ешбір жарнама беруші, онымен қоса заңды компаниялар да биткоиндер мен басқа да криптовалюталарды жарнамалай алмайды. Facebook оларға қаржылық өнімдер мен қызметтер ретінде қарайды. Себебі олар алдау үшін немесе алаяқтық жасау үшін пайдаланылады деп санайды.
Facebook осындай қаржы құралдардың жарнамаларының бірнеше мысалын ұсынады:
«Бинарлы опциондармен сатуды қазірден бастаңыз және тәуекелсіз он жылдық сауда кепілдігіне ие болыңыз».
«Тәуекелсіз криптовалюта туралы толығырақ білу үшін мұнда басыңыз. Бұл бүкіл әлем бойынша жедел аударымдар жасауға мүмкіндік береді».
«Жаңа ICO! Токендерді 15 пайыз жеңілдікпен сатып алыңыз!»
«Биткоин сатып алу үшін зейнетақы жинақтарыңызды пайдаланыңыз».
Біз пайдаланушыларға алаяқтық немесе алдаудан қорықпай, Facebook-та жарнамалардан жаңа өнімдер мен қызметтер туралы білуіне мүмкіндік бергіміз келеді. Дегенмен де, ICO және криптовалюталарды жарнамалайтын көптеген компаниялар баршылық.
Facebook-тағы өнімдерді басқару жөніндегі директор Роб Левен (Rob Leathern), уақыт өте келе, Facebook жалған хабарландыруларды бақылап, оларды адал нарық қатысушыларының жарнамасынан ажырата алған уақытта, тыйым қайта қарастырылатынын айтады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024