Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің парақшасында пайдаланушылардың жаңалық лентасында компаниялар, жаңалықтар мен видеолардан келіп түсетін хаттар санын шектей отырып, басым жазбаларды таңдау қағидасын өзгертуге ниетті екендігін хабарлады. Осылайша, Facebook тобы пайдаланушылардың жеке қарым-қатынасында әлеуметтік желіні ыңғайлы етуді көздейді, деп мәлімдеді РБК.
«Соңғы жылдары Facebоok-та көптеген видеолар мен көпшілік контент қарқынды жарияланып отырды. Сол себепті ленталарда көпшілік жазбалар көбейіп, жақындар мен достардың жазбалары азая бастады. Бұл Facebоok-тің қатынасты қолдау мақсатында керектігін ысырып, балансты мүлдем өзгертіп жіберді», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, әлеуметтік желі командасының Facebоoк тек ойын-сауық ретінде пайдаланылмай, қолданушыларға пайдасын тигіссе деген қалауы бар. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, Цукерберг әлеуметтік желілерде адамдар өзгелермен байланыс орнатқан жағдайда ғана пайдалы болатынын ескертті. Әрине, видеолар, сондай-ақ мақалалар көбірек ақпарат жеткізеді. Алайда әлеуметтік коммуникация үшін еш көмегі жоқ.
«Сондай-ақ, бұндай өзгерістерден кейін, адамдардың Facebook-те өткізетін уақыты қысқаратынын айтқым келеді. Ал, осында өткізген уақыттары пайдаға жарап, бағалы болар деген үміттемін», - деді Цукерберг.
Facebook-те қолданушыға маңызды деген ақпараттарды іріктеп отыратын арнайы алгоритм бар. Хронологиялық бейнелеуден әлеуметтік желі 2006 жылы бас тартқан. Десе де, баптаудың ішінде бүкіл хатты көретіндей қылып ауыстыруға болады.
«Біздің мақсатымыз – әлемдегі әрбір адамға жеке басылым орнату», - деп 2014 жылы Цукерберг ойымен бөліскен болатын. Дегенмен, бұл шешімге көптеген қолданушылар наразы болды. Түрлі сындар алгоритм автоматты түрде маңызды ақпараттарды ысырып отыруынан туындады.
Желтоқсан айында Facebook-та өткізілген зерттеу, әлеуметтік желідегі белсенді тілдесу адамның психикасына оң әсерін тигізетінін көрсетті. Ал, жазбаларды оқу мен түрлі видеоларды қарау, керісінше, адам психикасына кері әсері бар екені анықталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024