Facebook компаниясы 2016 жылы үш өлшемді виртуалды шынайылық кеңістігіндегі коммуникациялар қызметін іске қосуды жоспарлап отыр деп хабарлайды The Verge.
Бұл туралы осы жылдың екінші тоқсанындағы Facebook-тың қаржылық көрсеткіштерін таныстыруға арналған конференцияда компания басшысы Марк Цукерберг мәлім етті. Оның жоспарларына сәйкес 2016 жылдың бірінші жартысында Facebook виртуалды шынайылық платформасын жасап шығарады. Бастапқыда бұл платформада ойындар мен видео материалдар орналастырылады. 2014 жылдың көктемінде Facebook компаниясы Oculus Rift виртуалды шынайылық бас киімін жасап шығарған Oculus VR компаниясын сатып алған болатын. Facebook аталмыш технологияны жетілдіре түсіп, әлеуметтік желі қолданушыларына интернетте виртуалды шынайылық форматында жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынуды жоспарлап отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024